«Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды ағызу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 сәуірдегі № 347 Қаулысы (күші жойылды)
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды ағызу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 сәуірдегі № 347 Қаулысы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды ағызу қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды көмудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 42, 401-құжат);
2) «Қазақстан Республикасында зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 42, 404-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдалану жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 маусымдағы № 578 қаулысының 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 19, 172-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 2 сәуірдегі
№ 347 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды ағызу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа