«Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө Өкімі (күші жойылды)
Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө Өкімі
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес және Алматы қаласында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ықтимал жер сілкіністерінен адам шығыны мен залалды азайту мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес ықтимал жер сілкіністерінің зардаптарын жоюға бөлінетін күштер мен құралдар құрамы бекітілсін сәйкес лауазымдар бойынша бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алты ай мерзімде Қазақстандағы жер сілкіністерінің зардаптарын жою, Алматы қаласында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жойқын жер сілкіністері туындаған кезде зардап шеккен халықты және материалдық құндылықтарды көшіру жөніндегі іс-қимылдардың республикалық жоспарын әзірлесін.
3. Қазақстандағы ықтимал жойқын жер сілкіністеріне ден қоюға Қазақстан Республикасының күштері мен құралдарын басқару органдарының әзірлігі мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының күштер мен құралдарды бөлетін орталық және жергілікті атқарушы органдары үш ай мерзімде бекітілген күштер мен құралдарға сәйкес жер сілкіністерінің зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
халықты хабардар етудің республикалық жүйесінің дереу пайдалануға ұдайы әзір болуын қолдауды қамтамасыз етсін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа