Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 Қаулысы (күші жойылды)

Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың,
сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 Қаулысымен күші жойылды 

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 60) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 31 наурыздағы

№ 317 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен

бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің

тізбесі

 

1. Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі тасымалдау кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ұшу немесе мүлік қауіпсіздігіне зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін қауіпті заттар мен бұйымдарды, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерін азаматтық әуе кемелерінің бортына алып кіруді болдырмау мақсатында нұсқаулық материал ретінде пайдалануға арналған.

2. Қол жүгінде және багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдар:

1) жарғыш және өзге де өлімге ұшырататын құрылғылар, құрамында жарылғыш заттар мен бұйымдар, құрамында сондайлары барлар, оның ішінде:

саны мен орамасына қарамастан, дәрілердің барлық түрлері;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку