«Мемлекеттік меншіктің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 295 Қаулысы (2012.19.03. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік меншіктің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 295 Қаулысы
(2012.19.03. берілген өзгерістермен)
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) тиесілі пакеттеріне айырбастап, Қордың меншігіне беруді қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттері мемлекеттік меншікке қабылданғаннан кейін оларды илену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 295 қаулысына
қосымша
Қордың меншігіне берілетін республикалық меншіктің мүлкі
Р/с № | Мүліктің атауы |
1 | Теміржол вокзалдарының ғимараттары мен үй-жайлары |
2 | Теміржол вокзалдарының жолаушылар платформалары мен перрондары |
3 | Ақмола гарнизоны әскери сотының 2008 жылғы 25 наурыздағы іс № 1/29сс-2008 жыл үкімімен тәркіленген, саны 1000 (бір мың) дана жартылай вагондар |
4 | Республикалық бюджет қаражаты есебінен салынған «Хромтау - Алтынсарин» жаңа темір жол желісінің аяқталмаған құрылыс объектілері |
Демо – версия документа