(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.09.03 Ж. № 889 ҚАУЛЫСЫ
Күдіктiлердi, айыпталушыларды тегiн тамақтандыру, оның ішінде жүктi әйелдер мен балалы әйелдердi,
бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерді, кәмелетке толмағандарды қамтамасыз ету нормаларын, сотталғандарды
тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын, сондай-ақ
Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі № 889 қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
Күдiктiлер мен айыпталушыларды тамақпен тегiн қамтамасыз ету нормалары;
Жүктi әйелдер мен балалы әйелдердi, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi көтеріңкi тамақтандыру және заттай қамтамасыз ету нормалары;
Кәмелетке толмаған күдiктiлер мен айыпталушыларды көтеріңкi тамақтандыру нормалары;
Сотталғандарды тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары;
Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесi бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті (келісім бойынша) бұған дейін қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 889 қаулысымен
бекітілген
Күдіктiлер мен айыпталушыларды тамақпен тегiн
қамтамасыз ету нормалары
Редакция документа
Демо – версия документа