Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 82 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 82 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Күдіктілерді, айыпталушыларды тегін тамақтандыру, оның ішінде жүкті әйелдер мен балалы әйелдерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, кәмелетке толмағандарды қамтамасыз ету нормаларын, сотталғандарды тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын, сондай-ақ Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 889 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы»;

1-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға арналған тамақтандырудың заттай нормалары;»;

үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормалары;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген күдіктілер мен айыпталушыларды тамақпен тегін қамтамасыз ету нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген сотталғандарды тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 ақпандағы

№ 82 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 889 қаулысымен

бекітілген

 

Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандырудың

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку