(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1710 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен бекітілген
«Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысының (бұдан әрі - Ереже), сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі — тіркеуші орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны кеме билетін беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тіркелген орны бойынша берілген сенімгерлік басқару негізінде шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
тіркеуші органға өтініш білдірген кезде;
Редакция документа
Демо – версия документа