Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 249 Қаулысы (2012.11.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 249 Қаулысы

(2012.11.03. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жанынан Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншігінен берілетін халыққа қызмет көрсету орталықтары - мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) мүліктік кешендер ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес олар Комитеттің қарамағына берілсін.

3. Комитетті және осы қаулының 2-тармағындағы берілетін мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет қаражаты және бекітілген штат санының лимиті есебінен жүргізіледі деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Комитетпен және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции