Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.07.04 № 286 ҚАУЛЫСЫ

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске
асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 Қаулысы

(2010.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесі;

2) Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесі бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2010.30.12. № 1482 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Даму жоспары бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесінде белгіленген тәртіппен Мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілімінің құрылымына қосу үшін даму жоспарларын ұсынуды қамтамасыз етсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку