(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.12.12 № 2095 ҚАУЛЫСЫ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 2095 Қаулысы
(2010.13.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) жарғысы бекітілсін.
2. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғысына қол қойсын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Жарғысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 2095 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысы
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа