«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 207 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 207 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік коғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республика Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 207 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
Демо – версия документа