(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2007.24.12 № 152 ҚАУЛЫСЫ
Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 Қаулысы
(2009.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы | А. Сәйденов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 152 қаулысымен
бекітілген
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.24.08. № 80 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша тараулар параграфтардың тақырыптарының нөмірлері алдында «§» деген белгімен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа