Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1997 Ж. 16 МАУСЫМДАҒЫ № 127-I ҚР ЗАҢЫ

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
1997 жылғы 16 маусымдағы № 127-I Қазақстан Республикасының Заңы

(2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бір бөлігін (ішінара жұмылдыру) соғыс жағдайы режиміне көшіруге байланысты жалпымемлекеттік шаралар кешені;

жұмылдыру дайындығы - бейбіт уақытта жүргізілетін және соғыс уақытында мемлекетті тұрақты басқаруға бағытталған іс-шаралар кешені, ел экономикасын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының және халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, елді қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында әкімшілік аумақтық бірліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшіру;

жұмылдыру әзірлігін бағалау - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру нормативтеріне және талаптарына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейі сәйкестігінің дәрежесін айқындау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку