(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1997 Ж. 16 МАУСЫМДАҒЫ № 127-I ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
1997 жылғы 16 маусымдағы № 127-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, мемлекеттік өкiмет органдарының, орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмылдыру шараларын жүзеге асырудағы тәртібін, өкiлеттiгiн, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңды мынадай ұғымдар пайдаланылады:
жұмылдыру дайындығы - агрессия жасалған жағдайда қорғану және жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында мемлекет экономикасының кiдiрiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын, халқы мен аумағын алдын ала дайындауды қамтитын бейбiт уақытта жүргiзiлетiн жалпымемлекеттік шаралар кешенi;
жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсыбiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiрумен байланысты жалпымемлекеттік шаралар кешенi.
2-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдар
Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды өткізудiң мiндеттiлiгi;
2) жоспарланатын шараларды ұйымдастыру мен өткізуге орталықтандырылған басшылық ету;
Редакция документа
Демо – версия документа