(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 14 НАУРЫЗДАҒЫ № 155 ҚАУЛЫСЫ
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің
(тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 Қаулысы
(2009.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекет реттейтін баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 562-құжат);
2) «Мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялар қызметтерін ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 503-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 4, 34-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы |
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 14 наурыздағы
№ 155 қаулысымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
Редакция документа
Демо – версия документа