Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Илек өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген) (2009.21.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы 25 шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2009.21.10. № 244 бұйрығымен барлық мәтін бойынша «Ереже» сөзі сәйкесінше «Талап» сөзімен алмастырылды (бұр.ред.қара)

 

Илек өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік

 ережелері

(2009.21.10. берілген өзгерістермен)

 

Мазмұны

 

1-тарау Жалпы ережелер

2-тарау Ғимараттар мен имараттар

3-тарау Еңбектің қауіпсіз шарттарын жасаудағы жалпы ережелер

4-тарау Металл қоймалары

5-тарау Қыздыру қондырғылары

6-тарау Илектер

7-тарау Илекті өңдеу

8-тарау Цех ішіндегі көлік

9-тарау Ультрадыбысты қондырғылар

10-тарау Профилактикалық тексерулермен жабдықтарды жөндеу

11-тарау Санитарлық ережелер

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже илек өндірісін жобалауға, салуға және қайта құруға таратылады.

2. Негізгі жабдықтардың конструкциясы мен технологиялық сызбасына өзгерістер енгізу жобалау мекемесі немесе дайындаушы-зауыттың келісімін алған жағдайда жүзеге асырылады.

3. Қолданыстағы илек өндірісінде өндірістік бақылаудың технологиялық регламенті, апатты жою жоспары әзірленеді.

 

 

2-тарау. Ғимараттар мен имараттар

 

4. Терезе және шам түптеуіштерін ашуға арналған механизмдер жеңіл қол жетерлік және қызмет көрсетілуіне қауіпсіз жерде орналастырылады.

5. Цехтарда ғимарат ішіндегі шаң мен қоқысты, сондай-ақ, өндірістік ғимараттар шатырынан шаң мен мұзды, қарды жинауға арналған механикаландырылған құралдар қарастырылады.

6. Адамдар кіретін жерге қозғалыстағы составтың ғимаратқа кіруіне арналған қақпа орналастыруға тыйым салынады.

7. Илек цехтарында адамдардың қауіпсіз жүріп - тұруы үшін сәйкесінше өтетін жерлер, асу жол көпірлері мен тоннелдер салынады.

Цех пен шаруашылық ғимараттарды қосып тұратын тоннелдерден шығу орны көпірлік кран жұмысының төңірегінде орналасады.

8. Илек цехтарының едені мықты, тозуға жарамды материалдардан жасалынады, тегіс, сырғанамайтын болады. Өндіріс ғимараттарындағы жұмыс орындары әр ауысым сайын тазаланып тұрады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции