Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1129 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 28-і.

 

№ 1129

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1129 Жарлығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2008 жылғы 11 наурыздағы

№ 552 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы

ереже

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мәртебесін, миссиясын, негізгі міндеттері мен функцияларын, өкілеттігін, жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

2. Әкімшілік пен оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку