(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.23.07 № 1053 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 Қаулысы
(2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев
|
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен Ереже өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
23 шілдедегі
№ 1053 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебiнiң
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы өрттердiң, олар келтiрген материалдьқ залалдың және бұл ретте зардап шеккен адамдардың есебiн жүргiзудiң бірыңғай жүйесiн белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ведомстволарының, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың қолдануы үшiн мiндеттті.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа