Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.04.05 № 411 ҚАУЛЫСЫ

«Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 411 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 4 мамырдағы

№ 411 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

1. Қолдану аясы

 

1. Осы «Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.

2. Осы техникалық регламент балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне, олардың тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Осы техникалық регламент талаптары үйде өндіру процесінде алынған тамақ өнімдеріне қолданылмайды және мыналарды қамтымайды:

1) тамақ өнімдерін таңбалауға және затбелгі жапсыруға тамақ өнімдерімен араласатын материалдарға қойылатын арнайы техникалық регламенттерде белгіленген талаптар, оның ішінде орауға қойылатын талаптар;

2) өсімдік немесе жануарлар өнімінен жасалып пайдаланылатын генетикалық-түрлендірілген азық-түлік шикізатына арналған арнайы техникалық регламенттерде белгіленген талаптар.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку