Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысы (2022.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 Қаулысы
(2022.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы бекітілсін.

2. «Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1344 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1327 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1511 қаулысымен

бекітілген

 

 

Авиамаршруттарды субсидиялау

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 54) тармақшасына сәйкес әзірленген және авиамаршруттарды субсидиялау тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2017.08.11. № 722 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.25.06. № 435 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции