(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ 21.12...
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
1995 ж. 21 желтоқсандағы № 2710 Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 ж. 6 қаңтарда және 2011 ж. 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді
1 Тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2 Тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi (7 - 11 баптар)
және олардың қызметiн ұйымдастыру
3 Тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi (12 - 15 баптар)
4 Тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары (16 - 22 баптар)
және олардың құқықтық жағдайы
5 Тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер (23 - 28 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
Жалпы ережелер
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттік органдар.
Редакция документа
Демо – версия документа