(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2010.15.11 № 351-IV ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Осы редакция 2011 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң биоотын өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық туынды шикізат - биологиялық туынды, оның ішінде биохимиялық құрамдас бөліктерге ыдырайтын және биоотын өндіру үшін пайдаланылатын өнімдер;
2) биоотын - биологиялық туынды шикізаттан өндірілген отын;
3) биоотын айналымы - биоотынды әкелуді (импорт) және әкетуді (экспорт) қоса алғанда, биоотынды өткізу (сату немесе беру) процестері (кезеңдері), сондай-ақ олармен байланысты құю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;
4) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган - биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) биоотынды кәдеге жарату - арналған мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз биоотынды және биоотын өндірісінің қосалқы өнімдерін қажетті сападағы биоотынға немесе басқа өнімге айналдыратын технологиялық өңдеу;
6) биоотын өндіретін зауыт - шикізатты биоотын етіп қайта өңдеуге арналған мамандандырылған ғимарат;
7) биоотын өндіру - биоотын алуды қамтамасыз ететін шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
8) биоотын өндіруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биоотын өндірісін және айналымын жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган - биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Редакция документа
Демо – версия документа