(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 4 ШІЛДЕДЕГІ № 476-II ҚР ЗАҢЫ
Автомобиль көлiгi туралы
2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңын қара (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автобус - жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден аса отыратын орны бар, жолаушылар мен багаж тасымалына арналған автокөлік құралы;
2) автовокзал - жолаушылар легі тәулігіне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, жүргізушілерді медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттері, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлік пункттер және ана мен бала бөлмесі кіретін құрылыстар кешені;
3) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану - автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешені;
Редакция документа
Демо – версия документа