(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.03 № 428 ҚАУЛЫСЫ
Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
№ 428 қаулысымен
бекітілген
Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды
және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Р/с № | Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері | Айлық есептік көрсеткіштердегі ставкалар | |
жеке тұлғалар үшін | заңды тұлғалар үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығы пайда болуын тіркегені үшін: |
|
|
1) | пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да осыған ұқсас объектілерімен бірге), шаруашылық құрылыстарға; | 28 | 40 |
2) | көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілерімен бірге), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа; | 35 | 50 |
3) | гараждарға; | 14 | 20 |
4) | мыналарды қамтитын тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар): |
|
|
Редакция документа
Демо – версия документа