«Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау туралы» № 2-3С нысанды статистикалық есепті және оны құру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 34 Бұйрығы (күші жойылды)
«Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау туралы»
№ 2-3С нысанды статистикалық есепті және оны құру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 34 Бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 84 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстар, оқиғалар туралы тіркелген өтініштер мен хабарламалар жөніндегі статистикалық есептілікті одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау туралы» № 2-3С нысанды статистикалық есеп осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар, оқиғалар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау туралы» № 2-3С нысанды статистикалық есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтары осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес күштерін жойды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Қ. Мәми |
Бас Прокурорының
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 34 бұйрығына
1-қосымша
№ 2-3С нысан. Қылмыстық қудалау органдарының қылмыстар туралы өтініштер мен
хабарламаларды қарау жөніндегі жиынтық есеп
А кестесі
Документ утратил силу
Демо – версия документа