Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 767 бұйрығымен бекітілген) (2011.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2010 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 767 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу
жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі

(2011.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.25.04. № 217 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ДК), планшетті дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ПлДК), ноутбуктерді, бейнетерминалдарды (бұдан әрі - БТ) орналастыру мен пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына, микроклиматқа, физикалық факторлардың әсеріне және жарыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды регламенттейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.25.04. № 217 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы санитариялық ереже тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, теледидардың ойын қондырғыларына, борттық және шағын компьютерлерге қолданылмайды.

Қызметі ДК, ПлДК, бейнетерминалдарды пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.

ДК, ПлДК және бейнетерминалдар арқылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда пайдалануға енгізуге жол беріледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.25.04. № 217 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) қауіпсіз электромагниттік сәулелену - адамның денсаулығына зиянды әсер ететін электромагниттік сәулелену деңгейі;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции