Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИН. М.А. 2010.28.09 № 767 БҰ...

Осы редакция 2011 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2010 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 767 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу
жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық-ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ДК), бейнетерминалдарды (бұдан әрі - БТ) орналастыру мен пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына, микроклиматқа, физикалық факторлар әсеріне және жарыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды регламенттейді.

2. Осы санитариялық ереже тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, теледидардың ойын қондырғыларына, борттық және шағын компьютерлерге қолданылмайды.

3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) бейнетерминал - бейнені көрсетуге арналған құрылғы. Клавиатура тәрізді енгізу (кіру блогы) құрылғысымен жабдықталған, дисплей экраны бар пайдаланушының терминалы;

2) дербес компьютер - жеке тұлғаның дербес пайдалануына арналған микрокомпьютер;

3) жерлендіру сұлбасы - жермен тікелей жанасатын, жерлендірілетін жабдық орнатылған үй-жайдың (ғимараттың) сұлбасы бойынша орналасқан металл сымдардың жиынтығы;

4) периметрмен орналастыру - жиһаздарды, жабдықты қабырға бойында (периметрі бойынша) орналастыру;

5) қатармен орналастыру - жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру;

6) орталықта орналастыру - жиһаздар мен жабдықты үй-жайдың ортасында топтап орналастыру;

7) қауіпсіз электромагниттік сәуле - адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін электромагниттік сәуле деңгейі;

8) жалпы жарық - шырағданшырақтар үй-жайдың жоғары аймағында біркелкі орналасатын (жалпы біркелкі жарық) немесе жабдықтың орналасуына қарай (жалпы жергілікті жарық) жарықтандыру;

9) үй-жайдың аралас жасанды жарығы - жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылатын жарық;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку