Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кедендік алып жүру қағидасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1096 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 22 қазандағы

№ 1096 қаулысымен

бекітілген

 

Кедендік алып жүру қағидасы
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кедендік алып жүру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 322-бабына сәйкес әзірленген және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік алып жүруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Кедендік алып жүруді кедендік транзит кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

3. Осы Қағидада кедендік наряд ұғымы деп кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының кедендік алып жүруін жүзеге асыруға уәкілетті кеден органдары лауазымды адамдары не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге ұйымдардың құрамы түсініледі.

4. Кедендік алып жүру туралы шешімді жөнелту немесе межелі кеден органының бастығы, не оны алмастыратын адам қабылдайды.

Кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы осындай шешім қабылданған сәттен бастап оны жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.

5. Кедендік алып жүру кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

6. Тауарларды тасымалдаушыда кедендік алып жүруге байланысты туындаған шығыстарды Қазақстан Республикасының кеден органдары өтемейді.

 

 

2. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын кедендік

алып жүруді жүзеге асыру тәртібі

 

7. Кедендік алып жүру туралы шешім қабылданған жағдайда, міндетті түрде:

кеден органы мынадай құжаттарды ресімдейді:

1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік алып жүру туралы шешім;

2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспар-тапсырма;

3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру актісі;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку