«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 9 қарашадағы
№ 1177 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүліктің (активтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 13, 148-құжат).
2. «Мемлекеттік монополия субъектілерінің және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 304 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 164-құжат).
3. «Акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) тауарларды кейіннен көтерме-бөлшек саудада сату мақсатында сатып алуы мемлекеттік сатып алу мәні болып табылмайтын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 179-құжат).
4. «Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 257-құжат).
Демо – версия документа