(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2006.10.10. № 198 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық
мәселелері жөніндегі комиссия туралы
(2009.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасында саяси баспана алған адамдарды жайластыру жөніндегі шығыстарды қаржыландыруды жергілікті бюджеттердің көші-қон іс-шараларына көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3057 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 326-құжат);
3) «Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 38, 355-құжат);
4) «Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 7 ақпандағы № 3349 Жарлығы;
Редакция документа
Демо – версия документа