(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2004.27.11. № 334 ҚАУЛЫСЫ
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы № 334 қаулысы
(2009.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға
| Б. Жәмішев |
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы
№ 334 қаулысымен
Бекітілген
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі
Редакция документа
Демо – версия документа