Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.03.02 № 64 ҚАУЛЫСЫ

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға
2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 ақпандағы № 64 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13 және 23-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;

2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министр

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 3 ақпандағы

№ 64 қаулысымен

бекітілген

 

 

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған

республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы

трансферттерді пайдалану ережесі

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку