(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.12.02 Ж. № 1297 ҚАУЛЫСЫ
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысы
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекіту ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Мемлекеттік органдарға шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн анықтау кезiнде республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерiн осы қаулыға қосымшада көрсетiлгендерден төмен емес етiп белгiлеу ұсынылсын.
3. Мемлекеттік басқару органдары шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты:
1) шаруашылық жүргiзу құқығындағы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттік бюджетке толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау орнатсын;
2) еншiлес кәсiпорындар үшiн таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу кезiнде ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың Ереженi сақтауын қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1297 қаулысымен
Бекiтiлген
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың
таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу
және бекіту ережесi
ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 315 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа