«Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын (сертификатталған өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1128 Қаулысымен күші жойылды
«Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын (сертификатталған өнімдерді қоспағанда)
өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын (сертификатталған өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс істеу кестесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицеизиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стендтерде, сондай-ақ тегін телефон анықтамалық қызметімен ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын (сертификатталған өнімдерді қоспағанда) өндіруді (шығаруды) жүзеге асыруға лицензия беру немесе оны қағаз жеткізгіштерде беруден бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа