«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1128 Қаулысымен күші жойылды
«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге
(құрылысты бастауға) рұқсат беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс істеу кестелері осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде, сондай-ақ тегін телефон анықтамалық қызметінде орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе оны қағаз жеткізгіштерде беруден бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат алу үшін - жеті жұмыс күнін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа