«Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысы (2012.09.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 Қаулысы
(2012.09.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 12 қазандағы
№ 1058 қаулысымен
бекітілген
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік тазарту кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тауарларға арналған декларацияларды тексеру - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға арналған декларациялардың дұрыс толтырылуын, онда бар деректердің дұрыстығын және көрсетілген декларацияға қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі іс-қимылы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа