Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1040 қаулысы (күші жойылды)

Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 1040 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды

 

«Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 228 бұйрығын қараңыз

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы 8 қазандағы

№ 1040 қаулысымен бекітілген

 

 

Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану

тәртібі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Осы Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарда және оны қолдану тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) абоненттік терминал - байланыс желілері бойынша дабыл беру арқылы объектінің орналасу орнын айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің қондырғысы;

2) диспетчерлік орталық - Қазақстан Республикасында тіркелген спутниктік навигация қызметтерін көрсету операторы;

3) штаттық режим - белгіленген уақыт параметрлеріне сәйкес көлік құралының орналасқан жері туралы дабыл берілетін абоненттік терминалдың жұмыс режимі;

4) штаттан тыс режим - көлік құралының орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі болмаған не дабыл беру белгіленген уақыт параметрлері бұзылған жағдайдағы абоненттік терминалдың жұмыс режимі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку