«Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығы (2023.31.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
(2023.31.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота беру және оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу жөніндегі функцияларды қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
2) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары (сот кеңселері) - мемлекеттік мекемелеріне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы сот әкімшілері - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін таратсын;
2) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетін құрсын;
3) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін.
Демо – версия документа