(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.26.03 № 289 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 Қаулысы
(2010.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентіне сәйкес өз регламенттерін бекітсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 26 наурыздағы
№ 289 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Президенттің, Үкіметтің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оларға жүктелген функцияларды орындау процесінде орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - ОМО) қызметінің жалпы ережелерін белгілейді.
Регламентте көзделген ережелер Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде:
1) Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, Президентке тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары, Орталық сайлау комиссиясы, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты аппараттарының;
3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.
2. Осы Регламентте белгіленген құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, мерзімдер ОМО-ның, оның ведомстволары мен аумақтық органдарының барлық қызметкерлеріне қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа