(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 22 ҚАҢТАРДАҒЫ № 81 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік мүлiкті мемлекеттік меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
И. Тасмағамбетов |
Yкіметінiң
2003 жылғы 22 қаңтардағы
№ 81 қаулысымен
Бекiтiлген
Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрінен екiншi
түрiне беру epежeci
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру тәртібiн анықтайды.
2. Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) мүлiктiк кешендерi ретінде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - республикалық заңды тұлғалар), акционерлік қоғамдардың акциялары мен республикалық меншiктегi жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлестерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімінiң қолдаухаты негiзiнде коммуналдық меншiкке берiледi;
2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімінiң қолдаухаты негізiнде:
теңгерiмдік құны беру күнiне он мың және одан асатын ең төменгi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде болған кезде - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша;
Редакция документа
Демо – версия документа