Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.24.04 № 351 ҚАУЛЫСЫ

Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 24 сәуірдегі

№ 351 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)

өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін регламенттейді.

2. Осы Ереженің қолданысы мынадай:

1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция мен тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою;

3) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі көлік құралдарын дезинфекциялау;

4) мемлекеттік органдардың шешімі бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды алу және жою;

5) Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингі;

6) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку