(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 19 НАУРЫЗДАҒЫ № 269 ҚАУЛЫСЫ
Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысы
(2010.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексiнiң (Салық кодексi) 250-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiліп отырған:
Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесi;
Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру ережесi бекiтілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Редакция документа
Демо – версия документа