Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2007.22.05 № 183 БҰЙРЫҒЫ

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
 жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы

(2008.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Ұсынылып отырған Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

Н. Коржова

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 22 мамырдағы

№ 183 бұйрығымен

бекітілді

 

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарын (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) аккредиттеу және аккредиттеуден айыру жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Аккредиттеуден Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың заңдылығын уәкілетті органның ресми тануы мақсатында кәсіби ұйымдар және сертификаттау жөніндегі ұйымдар өтеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку