«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 112-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 112-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 6 тамыздағы
№ 112-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭДСМ (жинақтау), БАМ | 2010 жылғы қыркүйек |
2 | Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БАМ (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша) | 2010 жылғы қыркүйек |
Демо – версия документа