«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 711 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 711 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 13 шілдедегі
№ 711 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» деген жолдағы «2010 жылға» деген сөздер «2010 жылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Кіріспе» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«2010 жылы Бағдарламаны іске асыруға бөлінген 30 млрд. теңге шегіндегі қаржыландыру көлемі бойынша Қаржы агентінің қызметтеріне ақы төлеу 366 млн. теңгені құрайды.»;
«Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
«Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде:
Пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында:
бесінші бөліктегі «12%-дан» деген сөздер «14%-дан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5» деген сан «7» деген санмен ауыстырылсын;
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттарында:
сегізінші бөліктегі «12» деген сандар «14» деген сандармен ауыстырылсын;
«Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналар:
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес);
Демо – версия документа