Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 15.11.02 Ж. № 37...

Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 15
қарашадағы № 372 бұйрығы

(2008.20.05. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Нұсқауларды ветеринариялық инспекторлардың жасау және беру Ережесi;

2) Ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық бақылаудағы объектiлерiне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық тұжырымдама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) беру туралы Тәртiп бекітілсiн.

2. Ветеринариялық департаментiне (Мыңжанов М.Т.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдансын.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің

орынбасары - Министр

Есімов А.С.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң

15 қарашадағы 2002 жылғы

№ 372 бұйрығымен

бекітілген

Ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік

ветеринариялық қадағалау объектiлерiне беретiн ветеринариялық

құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық

куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама)

туралы ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ереже

1. Осы Ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне беретiн ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) туралы Ереже Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес жасалынған және бұл ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне рәсiмдеп берiлетiн ветеринариялық құжаттардың бiрыңғай тәртібін белгiлейдi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку