(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1999 Ж. 30 ҚАҢТАРДАҒЫ № 30 ЖАРЛЫҒЫ
Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен
қызметшілерінің жалпы штат санын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығы
(ҚР Президентінің 25.06.01 № 634; 07.01.03 № 1013;
28.08.04 ж. № 1428 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 25.06.01 ж. № 634 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Республикалық ұланның мынадай ұйымдық құрылымы айқындалсын: екі полк, госпиталь.
2. Республикалық ұланның әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штат саны қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Республикалық ұланның босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беріледі деп белгіленсін.
4. Республикалық ұланның Қолбасшылығы өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
ҚР Президентінің 28.08.04 ж. № 1428 Жарлығымен 6-тармақтың күші жойылды
Редакция документа
Демо – версия документа