(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 18 МАУСЫМДАҒЫ № 504 ҚАУЛЫСЫ
Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік
талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 504 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесі;
2) Сот сараптамасы қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 35, 322-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың екінші абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 18 маусымдағы
№ 504 қаулысымен
Бекітілген
Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібін айқындайды.
2. Сот сараптамасы қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - лицензиар) осы қызмет түрін мемлекеттік реттеу мақсатында жүзеге асырады.
3. Лицензия лицензиар бекіткен Сарапшы мамандықтары тізбесіне сәйкес сот сараптамасы зерттеуінің белгілі бір түріне беріледі.
4. Лицензиялық құжаттарды, берілген лицензиялардың көшірмелерін есепке алу мен сақтауды және оларды тіркеуді лицензиар жүзеге асырады.
5. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған адамдар Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа