Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 26 ҚАРАШАДАҒЫ № 1133 ҚАУЛЫСЫ

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1133 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 26 қарашадағы

№ 1133 қаулысымен

бекітілген

 

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру

қорларының кепілдік алу ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткізген мақта иесі, мақта қолхатында индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат;

кепілдік берілген мақта көлемі - қайтару жөніндегі жауапкершілікке қор кепілдік беретін, әрбір қорға қатысушыға қор белгілейтін мақта көлемі;

қорға қатысушы - қормен жасалған және қатысу шарты қолданылатын шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку