(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 26 МАУСЫМДАҒЫ № 942 ҚАУЛЫСЫ
Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 26 маусымдағы № 942 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639; 23.05.02 ж. № 562; 11.04.03 ж. № 350 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қаулынын бұрынғы редакциясын қара
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жекешелендіру объектілерін сату жөнінде жабық тендерлер өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 қаңтардағы № 126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 6, 35-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3050 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 тамыздағы № 1001 қаулысының 2-тармағының үшінші абзацы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті екі айлық мерзімде бұрынырақта қабылданған ведомстволық шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Yкіметінiң
2000 жылғы 26 маусымдағы
№ 942 қаулысымен
бекітілген
Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi
ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639 ; 11.04.03 ж; № 350 (бұр. ред. қара) қаулыларымен кіріспе өзгертілді
Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендiру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және аукцион, тендер және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта жекешелендiру объектiлерiн сатудың тәртібін реттейдi.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 14.12.01 ж. № 1639; 11.04.03 ж. № 350 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа